Адрес
г. Астана, Каркабат, 15Показать на карте
Карта
Режим работы
до 18:00
до 18:00
до 18:00
до 18:00
до 18:00
Похожие
Отзывы о Балапан
Қайырлы күн!
Қазақта бір сөз бар «Бір кем дүние». Алла Тағаланың қалауымен бізге «ерекше» перзент дүниеге келді. Бұл оңай болған жоқ, ауруханалар, дәрігерлер, қорқынышты диагноздар. Бірақ уақыт өтті, бүгін біз есейдік, жүгіреміз, секіреміз. Баланы әлеуметтендіру, оны қалай тарту керек, құрбыларына қалай үйрету керек деген үлкен тәжірибелер болды.
Дүниеде мейірімді, жомарт адамдар бар. Осындай «ерекше» балаларға көмектесетін мемлекеттік бағдарламалар бар.
Біз ПМПК-дан көмек сұрадық, олар біздің барлық құжаттарды көп кешіктірмей қабылдады, баламызға ең жақсы бағдарламаны таңдауға көмектесті.
Өте тез және ашық түрде бізге бірнеше мамандандырылған бақшаларды таңдау мүмкіндігін берді. Бізге 36 «Балапан» балабақшасы ұнады. Бізді басшының өзі Иманбаева Зария Мұсабайқызы қарсы алып, балаларға жасалып жатқан барлық жағдайды өзі көрсетті.
Жарық және жайлы бөлмелер, жаңа инвентарь (ойыншықтар, жиһаз). Ұжыммен таныстырылды, қолданыстағы процедуралар туралы айтты.
Арада бірнеше ай өтті, баламыз қуана бақшаға барады, апайы Садуақас Жадыра Қуанышбайқызын жақсы көреді. Туған баласындай құшақтайды, сүйеді. Өте сауатты,лайықты мұғалім.
Барлық ұжымға шынайы алғысымызды білдіреміз! Алла тағала, сауапты іс істеп жатырсыздар!
Асемгуль Есенеева